{metadescription}
2017-ші жылы теңге бағамы қандай болады?
2017-ші жылы теңге бағамы қандай болады?

2017-ші жылы теңге бағамы қандай болады?

Теңге тағы нығая түседі! Төл ақшамыздың тағдырына қатысты өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар алда қаржы нарығында «бозторғай жұмыртқалаған» заман орнайды деп отыр. 

Ал қор биржасында қазір үстемдік орнатып тұрған доллар, керісінше, әлсірей түседі екен. Мұны сарапшылар соңғы айларда айтарлықтай көтерілген мұнай бағасымен байланыстырды. Егер осы өсім жалғаса беретін болса, келер жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамы 300-ге дейін төмендеуі мүмкін. Десе де, бұл ретте сарапшылардың пікірі қақ бөлінген. Мәселен, қаржыгер-экономист Айдархан Құсайынов теңгенің нығаюына ешқандай себеп көрмей отыр. Айтуынша, азаматтардың ай сайынғы табысы айтарлықтай азайған. Ал азық-түлік пен киім-кешек, күнделікті тұтынатын тауар, керісінше, өсуде. Отандық өндіріс болса, құны аспандаған шетелдік тауардың орнын әзірге жаба алар емес. Сол себепті, 2017 жылы теңге бүгінгі бағамын ешқайда бұрмайды дейді. 

Айдархан Құсайынов, экономист:

-Долларға қатысты теңге бағамы 330-350 аралығында болады деп есептеймін. Валютамыз әлі ұзақ уақыт осы деңгейде болады. Теңгенің құны келесі жылы көтеріле қояды деп айту қиын, өйткені өндіріс қуаты тым әлсіз. Халықты отандық тауармен толық қамти алмай жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде