{metadescription}
1 қаңтардан бастап жол полицейлері таяқ ұстамайтын болды
1 қаңтардан бастап жол полицейлері таяқ ұстамайтын болды

1 қаңтардан бастап жол полицейлері таяқ ұстамайтын болды

Ішкі Істер министрлігі бұдан былай тәртіп сақшылары көлікті тоқтату үшін қолын көтерсе де жеткілікті деп отыр. Олардың қолдануға болатын басқа да әдістерін бүгін министрлік тарқатып түсіндіріп берді.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп,тоқта деген белгі береді. Сонымен қатар ысқырықты да пайдаланады. Немесе арнайы дыбыс күшейткіш немесе жарық беретін құралдарды пайдалана алады.

Сонымен қатар ереже бұзғандарды анықтау үшін бейнекамера мен бейнетіркеуішті қолданса болады. Ал таяғынан айрылған жол сақшыларына   енді қозғалысты да қолмен реттеуге тура келеді. Қазір министрлік қала, облыс, аудан мен ауылдардағы ішкі істер бөлімдерінен алатаяқтарды тегіс жинап алып жатыр. Жаңа жылдан соң оны қолдануға мүлдем рұқсат етілмейді. Ішкі істер министрлігі бұндай талапты Еуропа елдерінен алынғанын айтады. Әрі бұл тәжірбиенің Қазақстанда да сәтті іске асатынына өте сенімді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде