{metadescription}
Өскемендегі көпірдің неден құлағаны белгілі болды
Өскемендегі көпірдің неден құлағаны белгілі болды

Өскемендегі көпірдің неден құлағаны белгілі болды

Өскемендегі көпірдің құлауына құрылысшылардың кінәсі жоқ. Арнайы тексеру жүргізген облыстық прокуратура қызметкерлері осындай қорытынды шығарды. Ертіс өзеніндегі көпірдің қисаюы астындағы тіреуішінің әбден ескіруінен екен.

Өзен үстіне салынған ескі көпір 50 жылдай тұрыпты. Әбден ескіргендіктен астындағы тіреуішінде сынықтар пайда болған. Оның үстіне жарты ғасыр бойы су ішінде тұрғандықтан арматураларын тот басқан. Сондықтан Ертістегі ескі көпірдің құлауына құрылысшыларды кінәлайтын негіз жоқ дейді прокурорлар. Айта кетейік, алып өткел қараша айының соңында жөндеу жұмыстары кезінде қисайып кеткен еді. Астындағы тіреуіші шыдас бермей, салдарынан бір жағы шошайып қалған. Дегенмен, мердігер компанияның жазасыз қалмайтын түрі бар. Өйткені прокурорлар бірқатар құрылыс ережелерінің сақталмағанын анықтапты. Нақтырақ айтқанда, құрылысшылар қауіпсіздік белдеуін тақпаған және арнайы киімдері болмаған. Сондай-ақ, тұрақты тексеруден өтпеген құрылыс техникаларымен жұмыс істепті.

Рустам Штерлинов, ШҚО прокуратурасының басқарма бастығы:

-Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалардың жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға ұсыныс енгізілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде