{metadescription}
Шаханға  көмек жіберілді
Шаханға  көмек жіберілді

Шаханға көмек жіберілді

Депутаттардан бастап, қарапайым астаналықтарға дейін Шахандағы қираған үйдің тұрғындарына жылу жинап жатыр. Жүздеген елордалық бірер күннің ішінде еріктілер штабы орналасқан жерді қажетті жабдықтармен толтырып тастады.

Астана тұрғындары үйсіз қалғандарға тамақ өнімдерінен бастап, ең қажетті заттарды әкелуде. Әр түрлі өлшемдегі қыстық киімдер, жылы төсек жамылғылары, тіпті гигиеналық заттарға дейін бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осынша дүниені Астананың қарапайым тұрғындары небәрі екі күннің ішінде әкеліп беріпті. Мәжіліс депутаттары да бүгін бір күндік жалақыларын осы зардап шеккендерге аударды. Ал отандастарының бұл көмегі ертең жеткізіле бастамақ.

Нұрлан Досымов, ерікті:

-Шаханға баратын арнайы делегация құрылады. Қазір ол жақта үйсіз-күйсіз қалған адамдар өте көп. Олар сондағы мектептер мен ауруханаларға орналастырылған. Қазір баспанасыз қалғандарға көмектің қай түрі де керек. Оны жақсы түсініп отырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.