{metadescription}
Дакардағы жарыс жерлестеріміз үшін олжалы басталды
Дакардағы жарыс жерлестеріміз үшін олжалы басталды

Дакардағы жарыс жерлестеріміз үшін олжалы басталды

«Дакар-2017-дегі» жерлестеріміздің аяқ алысы жаман емес. Денис Березовский мен Алексей Никижевтің экипажы 3-ші кезең қорытындысы бойынша үшінші орынға жайғасты. Ал Артур Ардавичус бастаған жүк көлігі мәреге 19-шы боп келіп, жалпы көрсеткіште 17-ші орынға көтерілді.

Биыл автошабандоздар Оңтүстік Америкадағы «Дакарға» қатысу үшін 50 мемлекеттен барған. Олар алғашқы күннен-ақ бәсекелестеріне табанды қарсылық танытуда. Аргентинаның Сан-Мигель-де-Тукуман қаласы мен Сан-Сальвадор-де-Жужуй арасын қамтыған үшінші кезеңде экипаждар 800 шақырым жолды артта қалдырған. Бірақ өзен арнасы, құм мен тастардың көптігінен көліктер сыр беріп, оларды жол үстінде жөндеуге тура келді. Березовскийдің «Тойотасы» мен Ардавичус мінген «МАН-ның» дөңгелегі жарылып, басқа да ақаулары шыққан. Дегенмен қос экипаж да мәреге өз күшімен жетті. Бүгін түнде автошабандоздар Боливия аумағына өтеді. Жол қиын болатындықтан штурмандарға бір сәтке де назарын басқа жаққа бұруға болмайды. Ал жарыстың өзі теңіз деңгейінен 3 жарым мың метр биіктікте өтпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.