{metadescription}
Ақтауда өртенген базардың саудагерлеріне көмек берілмек
Ақтауда өртенген базардың саудагерлеріне көмек берілмек

Ақтауда өртенген базардың саудагерлеріне көмек берілмек

Өртеніп кеткен Ақтау базарының саудагерлеріне материалдық көмек берілетін болды. Контейнері отқа оранған кәсіпкерлерге базар басшылығы 300 мың теңгеден бермек. Жалпы, 119 адамға көмек көрсетіледі.

Ал өрттің шығу себебін анықтау жұмысы жалғасуда. Тергеушілер арнайы сараптама тағайындап, соның қорытындысын күтіп отыр. Базар қожайыны сараптамаға қажетті заттар алынған соң бірден күл-қоқысты тазартып, сауда орнын қалпына келтіруге кіріспек. Сондай-ақ, бүгін саудагерлердің бірде-бірінің тауарын сақтандырмағаны белгілі болды. Ал келісім-шартта мүліктің сақталуына жалға алушының өзі жауапты деп көрсетілген. Соған қарамастан базар басшылығы саудагерлерге қол ұшын созып, оларды қайткенде де жұмыс орнымен қамтамасыз етуді мойнына алды.

Бауыржан Сапа, Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Мемлекет тарапынан қандай да бір шығындар өтелмейді. Келіссөздер жүргізгеннен кейін меншік иесі алдын-ала материалдық көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Ақтау қаласындағы базар басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Олар уақытша сауда орындарын беруге дайын екенін айтты.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде