Шахан тұрғыны әйелі мен сәбиін жер қойнына тапсырды
Бүгін Шаханда құлаған үйдің астында қалып, қаза тапқан тағы 2 адам жерленді. Елена Алексеенко мен оның 6 айлық ұлымен қоштасуға кент тұрғындары түгел келді.
Автор: Саят Сабдалы
05.01.2017
Апат болатын күні Еленаның жолдасы іссапарда болған екен. Оған қайғылы хабарды жақындары естіркен. 10 жыл бойы отасқанда көрген тұңғышы мен жан жарын бір табытқа салған отағасы әбден есеңгіреп тұр. Шіркеу маңында қаралы жиынға келгендердің барлығының қабырғасы қайысып, егіле жылады. Шахандағы апат 9 адамның өмірін қиған болатын. Оның біреуі алтыдағы бала, екеуі жөргектегі сәби. Ертең шахандықтар апаттың соңғы құрбаны 63 жастағы Татьяна Канды жер қойнына тапсырады.
Валентин Ходаков, Шахан кентінің тұрғыны:
-Лена өзі тамаша адам еді. Тұңғыш балаларын да ұзақ күткен. Енді міне баласы мен жарынан бірдей айырылды. Мына жағдай бәрімізге де ауыр тиді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!