Шахандықтар еттен бұрын пәтерге қоятын жиһаз сұрап жатыр
Шахандықтарға елдің әр өңірінен гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген дүние асып-төгіліп жатыр. Қабылдаушылар тіпті азық-түлік пен киім-кешекті зардап шеккендерге таратып үлгере алмай естері шығуда. Ал ашылған есеп-шотқа осы күндері 41 миллион теңге түсіпті.
Автор: Саят Сабдалы
06.01.2017
Шахандықтар ел азаматтарының дарқандығы мұндай болады деп ойламағандарын жасырмайды. Екі күннің бірінде әр өңірден келіп жатқан азық-түлік кент әкімдігінің қоймасына сияр емес. Сондықтан дүниені таратушылар жақында ғана қап арқалап кеткендерді қайта шақырып, басқа сөмкелерді ұстатып жатыр. Ал әкімдіктегілер болса, Шымкенттен келе жатқан 350 келі ет пен 2 тонна ұнды қайда қоярын білмей дал.
Светлана Ержұманова, ерікті:
-Ұнды 50 келіден тараттық. Келген бір жігіт тіпті алмаймын деп азар да безер болды. Біз ұстатып әлекпіз. Қоятын жерім қалмады дейді. Одан да пәтер мен жиһаз алуға деп қаржылай көмек сұрап жатқандар көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!