{metadescription}
 Ақтөбеде лаңкестермен атыспады деп айыпталған полицейлер кепілмен бостандыққа шықты
 Ақтөбеде лаңкестермен атыспады деп айыпталған полицейлер кепілмен бостандыққа шықты

Ақтөбеде лаңкестермен атыспады деп айыпталған полицейлер кепілмен бостандыққа шықты

Ақтөбеде лаңкестерге қарсы әрекет етпеді деген айыппен ұсталған жергілікті полиция қызметінің қос басшысы кепілмен босатылды. Бірақ олардың тергеуге алынғанына әріптестері мен туыстары наразылық танытты. Мақсат Шляшев пен Ермек Шоқанов бұйрықтан еш жалтарған жоқ дейді олар. Қайта, сол кезде қол қуысырып отырған аймақтағы лауазымды тұлғалар жазалансын дейді прокуратура алдына жиналғандар. 

-Ақтөбеде әділдік жоқ. Екі полицейді отырғызғысы келеді ,8 жылға дейін. Басқалары қайда?

Жанұшыра айқайлаған бұл келіншек жолдасының жазықсыз екеніне сенімді. Ақтөбенің жергілікті полиция қызметін басқарған күйеуі Мақсат Шляшев пен орынбасары Ермек Шоқановқа жазда содырлар сойқан салғанда қол қусырып қарап отырды деген айып тағылған. Лаңкестер әскери бөлімді басып алғанда, тәртіп сақшыларының ішке кіріп атыспағанына басшылар кінәлі деп танылыпты. Бірақ мұнымен олардың әріптестері келіспейді. Өйткені, Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша жергілікті полиция қызметіне тек сол нысанды қоршап, тұрғындарды жолатпау жүктелген екен.

Нұрғали Қанатов, полиция қызметкері:

-Сол жерге адам жібермеуіміз керек болды.  Әрі қарай Ішкі Істер департаментінің бастығы бар, орынбасары бар осылар қимылдау керек.

Облыстық прокуратура алдына жиналған алпыстай адам қылмыстық істің жарты жыл өткенде қозғалғанына да күмәнданып отыр. Айтуларынша, тергеушілер аймақтағы Ұлттық қауіпісіздік және Ішкі істер департаменттері басшыларының басқа аймаққа қызмет ауыстыруын күткен көрінеді.

Сансызбай Жүгінісов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Түйемен түйе сүйкенсе ортасында шыбын өледі дейді. Бұл ортасында жүрген шыбындар. Бұл күш құрылымдарының қырқысуы. Егер кінәлілерді іздейтін болса КНБ қайда қарады?

Айқайды естіп, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары да келді. Тек, әріптестеріне қолдау білдіру емес, жиналған жұртты тарату үшін жеткен екен.

Қаныбек Жақсығалиев, Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары:

-Бәрімізге де әріптес қой. Халық жиналған жерге қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұраймын. Тараңыздар.

Есігінің алдына жиналғандарға мән-жайды прокурорлар да ашып айтпады. Тек тергеуді жүргізіп жатқан солар деп, Бас прокуратураға сілтеді.

Жергілікті полиция қызметінің қос басшысы тергеу кезінде қамауға алынбайтын болды. Оларды кепілмен босатқан. Ол үшін Мақсат Шляшев көлігін тіксе, орынбасары Ермек Шоқанов бағалы мүлкі болмағандықтан балдызының темір тұлпарын сұрап алған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде