Лондонда бұрын-соңды болмаған кептеліс
Лондонда метро қызметкерлері шеруге шығып, соның кесірінен қаланың миллиондаған тұрғыны кептелісте тұрып қалды. Жерасты көлігінің тоқтауынан таңертең жұмысына, кешкісін үйіне жете алмаған адамдар көше кезіп кетті.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.01.2017
Наразылыққа байланысты Лондон метросының жолаушы көп жүретін «Виктория», «Кинг-Кросс», «Ватерлоо» сияқты бекеттері де жұмысын тоқтатқан. Бұның ақыры халықтың көшеде сенделуіне әкеп соқтырды. Содан көліктер саны күрт көбейіп, шақырымдарға созылған кептелістер пайда болды. Ал жағдайды осынша қиындатқан метро қызметкерлері, жергілікті биліктің жұмыс орындарын қысқартуына байланысты қарсылығын білдіруде. Айтуларынша, бұл наразылықтың тек басы ғана екен. Енді әуежай және теміржол қызметкерлері де бас көтергелі жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!