{metadescription}
Шымкенттік дәрігерлер қираған үйдің астында қалғандардың денсаулығы туралы айтып берді
Шымкенттік дәрігерлер қираған үйдің астында қалғандардың денсаулығы туралы айтып берді

Шымкенттік дәрігерлер қираған үйдің астында қалғандардың денсаулығы туралы айтып берді

Шымкентте екі қабатты үйдегі газ жарылысы жылу қондырғысын дұрыс орнатпаудан болуы мүмкін. Яғни жекеменшік үйді бірнеше адамға жалға берген қожайынның газ пешін дұрыс жалғамауы салдарынан баллон жарылған көрінеді. Оқыс оқиғадан бір тұрғын қаза тапты. Қирандының астынан шығарылған 4 адам түрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Арасында бесіктегі бала да бар. Үйден үйіндіге айналған баспанаға Бек Әбиев барып қайтты.

Жарылыстан соң екі қабатты ғимараттан қалғаны мына үйінді. Қазір, мұнда тілшілер мен шенеуніктерден басқа ешкім жоқ. Қожайыны өз баспанасы жанындағы екі қабатты нысанды үй етіп, жалға пәтер беріп келіпті. Оған газбен жылитын пеш қойған. Мамандар жарылысқа сол пеш себеп дейді. Бірақ үй иесі мұны жоққа шығарып әлек.

Аманбек Сәуірбаев, үй қожайыны;

-Кеше адамдар айтып жатыр ойбай шлангбен тартып апты, ондай емес. Кәдімгі рұқсат бойынша облыстық газдың, рұқсаты бойынша, жаңағы мынау архитектураның рұқсаты бойынша соның барлығы схема арқылы сызылған нәрсе.

-Қазір, қазір. Басын босат, басын босатыңдар! Басын ашыңдар, демалсын!

Ал бұл - жарылыстан соң құтқарушылардың үйінді астында қалғандарды шығарып алып жатқан сәті. Таңғы төрттер шамасында келген құтқарушылар үйінді астынан 5 адамды алып шығыпты. Өкінішке қарай, 28 жастағы Сәбина Орынбаева жарақатының ауырлығынан сол жерде жан тапсырса, оның 9 айлық қызы мен 58 жастағы анасы және күйеуі ауруханаға жеткізілген. Бірінші қабаттағы пәтерде тұрған 20 жасар көрші бойжеткен де денесінің 65 пайызын күйік шалып, хал үстінде жатыр.

Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі;

-Қосарланған ауыр жарақат. Бастың жабық ми жарақаты. Мидың соғылу диагнозымен іштің жабық жарақаты, талақтың жыртылуы. Ішке қан кету диагнозымен жедел түрде операция жасалды. Лапортомия, спиннокамия. Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Көз жұмған келіншек бүгін жерленді. Оған кеткен шығынды марқұмның күйеуі қызмет ететін әскери бөлім мойнына алыпты. Енді қызметтік пәтер беру мәселесі қарастырылып жатыр. Әзірге билік зардап шеккен екі отбасына уақытша пәтер жалдап береміз дейді. Апат орнына жеткен облыс әкімі, жеке үйлердің жіті тексерілетінін де айтты.

Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

-Әр үйді жеке тексереміз. Қалалық әкімдікке тапсырма бердік. Себебі, Шымкент қаласының ерекшелігі 70 пайызына жуығы қазіргі жағдайда осындай жеке үйлер. Және Сайрам ауданынан осындай жеке үйлердің қосылуымен жеке үйлердің саны одан сайын көбейіп кетті. Содан соң біз тексеруіміз қажет. Онсыз болмайды.

Тұтас Шымкенттің газ қосылған үйлерін қарап шығамыз  деген жергілікті билік пеш құруға рұқсат берген мекемелерді де тексермекші. Егер үй иесінің пешті заңсыз қойғаны анықталса, жауапқа тартылуы мүмкін. Ал, газбен жылитын құрылғының міні бар екенін көре тұра көз жұмған болса, құзырлы мекеме мамандары да жазасыз қалмайды. Әзірге полицейлер аталмыш жәйтке байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде