Назарбаев ұлттық компаниялардың басшыларын қабылдады
Қысқа мерзімді демалыстан шыққан Нұрсұлтан Назарбаев бүгін кабинетіне «Самұрық Қазына» ұлттық қоры мен «Бәйтерек» холдингінің басшыларын шақыртып алды. Тіпті президентке «Бәйтеректі» құрудағы басты мақсатын қайталауға тура келді.
Автор: Ербол Сейілхан
11.01.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-«Бәйтеректі» құрған кездегі мақсат: ұзақ уақытқа кредит беретін мемлекеттің банкісі болсын деп құрдық. Үлкен жобаларды іске асыру үшін. Өз алдына жұмыс істейтін мекемесіңдер.
Ал «Бәйтеректің» төрағасы Ерболат Досаевтың есебі түгел. Президентке холдингтің активтері 4 триллион теңгеге бағаланатынын айтты. Тіпті жылды 30 миллиард теңге таза пайдамен жауыпты. Досаевтың есебіне көңілі толған Елбасы одан соң «Самұрық Қазына» ұлттық қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Шөкеев мемлекет басшысына жекешелендіру жайлы айтып берді. Оның сөзінше, саудаға шығарылған нысандардың 70 пайызы жекенің қолына өтіп кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!