{metadescription}
Алматы облысында халыққа қызмет көрсету орталығына барған тұрғын қайтыс болды
Алматы облысында халыққа қызмет көрсету орталығына барған тұрғын қайтыс болды

Алматы облысында халыққа қызмет көрсету орталығына барған тұрғын қайтыс болды

Кезекте тұрып, жан тапсырды! Бүгін Алматы облысындағы Іле аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге келген тұрғын оқыстан қайтыс болды.

60 жастағы азаматтың ұзын-сонар кезекте тұрған сәтте жүрегі сыр беріпті. Алайда дереу жедел жәрдем шақыртылғанымен, марқұмды ажал аузынан арашалап қалу мүмкін болмаған. Аяғы жоқ 3-ші топтағы мүгедек құжат рәсімдеу үшін Боралдай кентінен ұлымен бірге келген екен. Ал оқиға куәгерлері орталықта құжынаған халықтың қарасы көп екенін айтуда. Яғни тіркеуге тұрамыз деп келгендерге бар жоғы екі-ақ маман қызмет көрсетіп үлгере алмай жатыр дейді. Соның салдарынан, жұрт сағаттап кезек күтуге мәжбүр екен. Ал халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары марқұмның қандай жұмыспен келгенін де білмейміз дейді.

Самат Иманғалиев, "Азаматтарға арналған үкімет" МК Алматы облыстық филиалының департамент директоры:

-Ол кісі бірден өзін жайсыз сезінеді. Құлаған бетте жедел жәрдем шақырттық. Өзінің жүрегі ауыратын сияқты. Қандай қызмет алуға келгенін білмейміз.Талон да алмапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде