Серік Ахметов рақымшылық сұрады
Экс-премьер Серік Ахметов өзіне рақымшылық жасауды сұрап сотқа арыз түсірді. 8 жылға сотталған оның өтініші қанағаттандырылса, мерзімі 2 жылға дейін қысқармақ.
Автор: Саят Сабдалы
11.01.2017
Серік Ахметов алғашында аудандық сот шешімімен 10 жылға сотталған. Кейін мемлекетке келген шығын – 2 миллиард 200 миллион теңгені қайтарған соң мерзімі 8 жылға дейін қысқарған болатын. Шығынның өтелгені ескеріліп оның арызы қарауға алынған. Дегенмен өткен жылдың аяғында Қарағанды қаласы әкімінің арызы бойынша, сот Серік Ахметов бюджеттің 150 миллион теңгесін желге ұшырған деген шешім шығарды. Бірақ бұл іс бойынша экс-премьердің апелляциялық шағымы әлі қаралып жатыр. Сондықтан Ахметовтың өзіне кесілген мерзімнің рақымшылық аясында қысқаратынынан үміті бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!