{metadescription}
Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 80-ге жуық автокөлік құтқарылды
Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 80-ге жуық автокөлік құтқарылды

Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 80-ге жуық автокөлік құтқарылды

Бет қаратпайтын ақтүтек боранның кесірінен 100-ден аса жолаушы жолда қалған. Олардың арасында балалар да бар.

Бұл өңірде бірқатар маңызды тас жолдарға екі күннен бері шектеу қойылыпты. Ал, Шардан Бақыршыққа қатынайтын жол 3 күннен бері жабық. Алайда жүргізушілер құтқарушылардың ескертуін елемейді екен. Сондықтан өткен түнде  Бородулиха-Жезкент тас жолында 31 адам жолда қалған. Ұйтқыған боранда 18 адам дереу құтқарылып, жақын елді мекенге жеткізілді. Ал көліктерін далаға тастаудан қорыққан 13 адам көмектен бас тартқан. Бүгінде аумақта қаңтарылған көліктер арнайы техникалардың күшімен толық шығарылыпты. Құтқарушылардың айтуларынша, зардап шеккендер жоқ. Тек алдағы күндері жел күшейетіндіктен, тұрғындардан сақтық шараларын ұмыт қалдырмауды сұрайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде