{metadescription}
 Лоторея ойынына көңілі толмаған ақтөбеліктер  гипермаркетке басып кірді
 Лоторея ойынына көңілі толмаған ақтөбеліктер  гипермаркетке басып кірді

Лоторея ойынына көңілі толмаған ақтөбеліктер гипермаркетке басып кірді

Ақтөбеде ұтыс ойнының соңы ұлы айқайға ұласты! Негізі жергілікті гипермаркетте өтуі тиіс шараны, сауда орнының өкілдері аяқасты басқа мекен-жайға ауыстырған екен. Оны естімей 2 ортада сабылған жұрт ақыры дүкенге басып кірді.

Дәл осы гипермаркет жаңа жыл алдында ұтысқа көлік тіккен. Оған бес мың теңгеге тауар алғандар қатысады. Алғашқыда гипермаркет алдында концерт қойып, осы жерде ұтыс иелері анықталады деп хабарлаған. Кейін оны жергілікті арна арқылы тікелей эфирде ойнатуды жөн деп шешкен. Бірақ бұл туралы сатып алушыларды хабардар етпепті. Жиналған жұрт дүкен басшыларына ашуланып, тіпті ұтысқа тіккен көлікті төңкеріп тастауға дейін барды. Әйтсе де, кейін сабырға келіп тарқасты. Ал осы оқиғаға байланысты гипермаркет басшылығы пікір білдіруге құлықсыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.