Шымкентте су есептейтін құрылғыларды жаппай ұрлап жүргендер ұсталды
21 және 22 жастағы екі азамат бірнеше ай ішінде 500 есептегіш қондырғыны үптеп кетіпті.
Автор: Бек Әбиев
17.01.2017
Бұрын есептегіш құралдарды орнатумен айналысқан олар жұмыстан шығып қалған соң өздері қойған қондырғыларға көздері түсіпті. Көшеде орнатылған қораптар ішінен есептегіштерді тап-тұйнақтай сыпырып жүрген олар олжаны металл қабылдайтын орындар мен базарларға өткізіп келген. Жалпы қолды болған 500 есептегіш қондырғыны 2 миллион теңгеге бағалаған 2 жігіт базарда саудаласып жүрген кезінде қолға түсті. Кінәсін толық мойындаған олар қазір тергеушілерге нақты неше есептегішті сатып үлгергенін және ұрлап-сатудың қыр-сырын айтып беріп жатыр. Айта кетейік, бұған дейін Шымкент тұрғындары көшеде тұрған арнайы жәшіктің ішінен су есептеуіш құралдарының жаппай ұрланып жатқанын айтып арызданған болатын. Енді тәркіленген құрылғылар иелеріне қайтарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!