Петропавлда із-түзсіз жоғалған адамның мүрдесі табылды
Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінен 4 жылдай бұрын із-түзсіз жоғалған адамның мүрдесі табылды. Оны өлтірген азамат араға осыншама уақыт өткенде ғана арқасын кеңге салып, өз қылмысы туралы достарына ішіп отырып айтып қойыпты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
17.01.2017
2013 жылы 51 жастағы ер адамның жоғалғанын оның туыстары тәртіп сақшыларына хабарлаған. Содан бері бұл қылмыстың беті ашылмапты. Кейін анықталғанындай, із-түссіз жоғалған азамат араққұмар бөтелкелесінің құрбаны болған. Яғни күдікті сол күні танысымен бірге арақ ішіп, арты жанжалға ұласыпты. Жаға жыртысқан екеудің төбелесінде күдікті марқұмды темірмен басынан ұрып, мерт қылады. Ал мүрдені алысқа апармай, өздері арақ ішкен үйдің жертөлесіне көміп тастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!