Астанаға Сириядағы соғысты тоқтатуға келетін делегациялардың құрамы анықталуда
Астана Сирияға қатысты ауқымды келіссөз өткізуге дайын! Әзірге ол 23-ші қаңтарға белгіленген. Еліміздің сыртқы істер министрлігі кездесудің форматы мен делегациялардың құрамын жасақтап жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
17.01.2017
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
-Қатысушылардан күтетініміз біріккен бір шешімге келу. Өйткені, Сирияда бейбітшілік, орнату - өте күрделі мәселе болып тұр.
Жиынға Ресей, Иран мен Түркия президенттерінің қатысатыны анық. Сирия басшысы Башар Асад та келіп қалуы мүмкін. Оппозиялық күштерді кімнің бастап келетіні әзірге жұмбақ. Өйткені бұған дейін ресми Дамаскіге қарсы соғысып жүрген қарулы топтар келіссөзден бас тартатынын хабарлаған. Оған үкіметтің әскердің тыныштық режимін бұзуы себеп екен. Десек те,Түркия, Иран мен Ресей Сириядағы қақтығысты реттеу шараларын толық өз мойындарына алып отыр. АҚШ пен Біріккен Ұлттар ұйымынан да делегаттар келеді деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!