{metadescription}
Бішкекте құлаған ұшақтың «қара жәшігі» табылды
Бішкекте құлаған ұшақтың «қара жәшігі» табылды

Бішкекте құлаған ұшақтың «қара жәшігі» табылды

Қырғызстандағы құлаған ұшақтың екінші «қара жәшігі» мен апаттан мерт болған тағы бір адам қирандылар астынан табылды. Осымен қаза тапқан саны 38 адамға жетіп отыр. Дегенмен, Боинг-747 құлаған аумақты тексеру, тазалау жұмыстары әлі жалғасуда. Ал апаттан есеңгіреп қалған тұрғындар әлі өз-өздеріне келер алар емес. Себебі үйінді астында кімнің бар-жоғын ешкім нақты айта алмайды.

-Оқиға орнында аршу жұмыстары түні бойы жалғасып, осы сәтке дейін үзілген жоқ. Ауыр техника іске кіріспес бұрын құтқарушылар, әскерилер мен әуежай қызметкерлеріне қирандыларды қолмен тазалауға тура келеді. Себебі, тергеуге қажетті деген дүниенің барлығы мүмкіндігінше бүлінбеуі тиіс.

Қолына күрек ұстаған құтқарушылар іргетасына дейін қираған үйлердің астынан тұрғындарды іздеуде. Оған қою тұман мен аяз да кедергі келтіріп тұр. Әрі, кешегі өрттен қалған шоқтар қайта-қайта тұтанып жатыр. Саяжай деген аты ғана болмаса, 400-ге тарта түтіні бар ауыл апат кесірінен жарық, су мен жылудан қағылған.

Сәлима Ерәлиева, саяжай тұрғыны:

-Адамдарға отын керек, көмір керек. Оларға жылыну керек. Судан кейін нан керек.  Екі күннен бері нанға бара алмай аш отырған адамдар бар. 

Қираған үйлерде қанша адамның болғаны әзірге белгісіз. Себебі, тұрғындардың көбі ресми түрде тіркеуге тұрмапты. Сондықтан жұрт жанын шүберекке түйіп, жақындары мен көршілерінің амандығын тілеуде.  

Анар Жұмабекова, саяжай тұрғыны:

-Қолдан ештеңе келмеді. Таныс адамдар ғой бәрі. Көз алдымыздағы балалар қайтыс боп кетті. Өте қиын.

Ал апат аумағында бөлшектенген адам денелері әлі табылып жатыр. Мамандар түні бойы жұмыс жүргізіп, бірнешеуінің аты-жөндерін анықтаған. Жалпы, дәл қазіргі уақытқа дейін 38 адамның өлгені белгілі болды.

Мұхаммедқали Әбілғазиев, Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары:

-Қазір бір адамның денесі табылды. Біздің ойымыз бойынша ол экипаж мүшесінің біреуі. Түрік компаниясы мәйітті алып кетеміз десе ешқандай  тосқауыл болмайды. Бұндай қырсықтан алыс болу үшін біраз мәселені шешуіміз керек.

Марқұмдар Қырғызстанның 6 облысының тумасы екен. Сондықтан олардың туыстарының өтініші бойынша жергілікті билік мәйітті қалаған жерге жеткізіп, жерлеу рәсімін өткізуді өз мойнына алды.

Әуе апатынан зардап шеккен әрбір отбасыға Қырғызстан президентінің бұйрығы бойынша жүз мың сом, ал премьер министрдің бастамасымен тағы 70 мың сом көлемінде материалдық көмек көрсетілетін болды. Ал халықаралық авиация комитетінің мамандары Бішкекке бүгін кешке келеді. Олар қара жәшіктегі жазбаларды зерттеп, өз қорытындысын шығармақ. Содан кейін ғана Түрік әуе жолдары және Боинг компаниясының өкілдері зардап шеккендер және қаза тапқандардың туыстарына қол ұшын созады деген болжам бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде