{metadescription}
Қызылорда облысында бүтін бір ауыл учаскелік инспекторға қарсы бас көтерді
Қызылорда облысында бүтін бір ауыл учаскелік инспекторға қарсы бас көтерді

Қызылорда облысында бүтін бір ауыл учаскелік инспекторға қарсы бас көтерді

Олардың айтуынша, өздерін бұзақылардан қорғауы тиіс полицей керісінше халыққа қиянат жасап, жалғанды жалпағынан басып жүр екен. Тіпті жұрт инспектордан таяқ жегенін айтып, талай мәрте шағым түсірген. Алайда бұл да тоқтам болмай, тәртіп сақшысы жұртқа доқ көрсетуді үдете түсіпті.            

Сексеуіл ауылының тұрғындары бұл күндері ұры-қарыдан емес, өздерінің учаскелік инспекторынан қорқып жүр. Айтуларынша, тәртіп сақшысы жұртқа жұдырық ала жүгіретінді шығарған.   

Нұғымар Мұхамедшари, Сексеуіл кентінің тұрғыны:

-Кәбетов Рашид Бекболатұлы  адамды мүгедек қылып жатыр. Ұрып-соғып, адамды комаға түсіреді. Бассыздық барып тұрған.

Тәртіп сақшысынан таяқ жегендер талай мәрте арызданған да екен. Бірақ бірде-бір шағымы орталыққа жетпей, орта жолда қалып қоятын көрінеді. Ал беталды ұратын әдетін одан сайын үдеткен учаскелік инспектор тепсе темір үзер жігіттерді қойып, енді кемпір-шалға қырғидай тиетін болыпты.

Ақсұлу Жұмағұлова, Сексеуіл кентінің тұрғыны:

-Кәбетов Рашидтан қысым көргендердің бірі  мен. Күш көрсетеді, сабайды, заңсыз әрекеттер жасайды. Ауданға, облысқа айтқан күндеріміз де болды, ештеңе шешпеді.

Алайда жұрт ұрады деп шағымданған тәртіп сақшысын басшылығы тек жақсы жағынан ғана танимыз деп танданып отыр. Қол астындағы қызметкеріне шаң жуытпаған жергілікті полиция басшысының айтуынша, бар бәле тұрғындардың өздерінде.  

Алтай Үмбетәлиев, Арал аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

-Тұрғындарға қысым көрсетуі мүмкін емес. Қайта күн демей, түн демей қиын-қыстау кезеңдерде, мұқтаж уақыттарда жергілікті тұрғындарға бірінші кезекте көмек көрсететін осы учаскелік инспекторлар ғой. Шағым айтушы, жақында ғана қоғамдық орында ұсақ бұзақшылық жасаған. Сол үшін қаралап жатыр деп ойлаймын.

Десе де, басшы инспекторының тәртібін қадағалауға уәде берді. Ал Сексеуілдегі сықырлаған аязға қарамастан бөлімше алдына жиналған халық сол күйі сақшысымен тілдесе алмады. Полицей асығып қылмыс орнына кетіп қалған екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде