{metadescription}
 Депутаттар ауыл әкімдерінің дербес бюджеті жемқорлыққа жол ашады деп күдіктеніп отыр
 Депутаттар ауыл әкімдерінің дербес бюджеті жемқорлыққа жол ашады деп күдіктеніп отыр

Депутаттар ауыл әкімдерінің дербес бюджеті жемқорлыққа жол ашады деп күдіктеніп отыр

Мыңдаған ауыл әкімі жеке бюджет ұстайтын болды. 2018-ші жылдан бастап тапқан табыстарын өздеріне қалдыратын ауылдар енді сол ақшаға жыртығын жамауы тиіс. Олардың алғашқы бюджетін жасақтауға мемлекет миллиардтап қаржы бөлгелі жатыр. Сөйтіп, елді-мекендер қазіргідей облыс, үкіметке алақан жаймай, түйткілдерін өздері шешуге мүмкіндік алады. Алайда, депутаттар ауыл әкімдеріне  мол ақшаны ұстату жемқорлыққа жол ашады деп күдіктеніп отыр.

Бұл депутаттардың Жаңа жылдан кейінгі алғашқы отырысы. Ел аралап тынығып қайтқан халық қалаулылары бүгін жаңадан тағайындалған

Ұлттық экономика министрін жан-жақтан қыспаққа алды. «Жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты» заң жобасымен Мәжіліске алғаш келсе де,  Тимур Сүлейменов сөзден сүрінген жоқ.  

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Халық саны 2  мыңнан асатын ауылдардың дербес бюджеті болады. Бізде шашамен мұндай 2 жарым мың елді-мекен бар. Оларға бюджеттен 110 миллиард теңге бөлу көзделген.

Яғни, енді ауылдар бұрынғыдай аудан мен облыс әкімдеріне қол жайып ақша сұрамайды. Осы мыңдаған елді-мекендердің шотына Үкімет 110 миллиард теңгені теңдей бөліп бермек. Сонда әрқайсысына 44 миллион теңгеден келеді. Бұл қыруар қаржыға әкімдер су мен жарық тартуға, жол салып, мектеп, аурухана мен балабақшаны  жөндеуге жұмсауы тиіс. Оның үстіне коммуналдық мекемелер де ауылдың құзыретіне қайта беріледі. Бірақ, депутаттар миллиондардың тағы қолды болуынан қорқып отыр.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

-110 миллиардты біз екінші, үшінші деңгейлік бюджеттен алып, төртінші деңгейге жіберіп жатырмыз. Бұл ақшаның жұмсалуын кім қадағалайды? Мына заң жобасында оны әкімдіктің  өзіне беріп қойыпты. Бүгінгі таңда қаржылық жүйеде  бақылау органы белгіленбеген.

Миллиондарды бақылау мен оның тиімді жұмсалуы Мәжіліс спикерін де алаңдатып отыр. Нұрлан Нығматуллинның айтуынша, ауыл әкімдерінің басым бөлігі есеп-қисаптан мүлдем сауатсыз. Сондықтан ақшаны бермес бұрын оларды оқыту керек.

Нұрлан Нығматуллин, Мәжіліс спикері:

-Әкімдерді неге итермелеп отырғанымызды түсінеміз бе?  Бізге дайын әкімдер керек. Әйтпесе, олар жемқорлыққа қарсы бюроның «клиенттеріне» айналады. 

Мемлекеттің бір жолғы көмегінен соң ауылдар жер, мүлік яғни табыстан түскен салықтың бір бөлігімен өз бюджетін толтырып отыруы тиіс. Экономикалық өсім мен бюджетті жоспарлауға жауапты министр бүгін алғашқы сынағынан саспай өтті. Тек орысшаға жүйрік Сүлейменов қазақшаны ұмытыңқырап қалғанын жасырған жоқ. Бірақ түзелуге уәдесін берді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Мәскеуде 5 жыл тұрып кішкене ана тілімді ұмытып қалдым. Бірақ та, 6 ай ішінде үйренемін.

Су жаңа Ұлттық экономика министрі, жер дауына қатысты отставкаға кеткен Досаев пен пара алды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың қателігін қайталамауға  да уәде берді. Тіпті Бишімбаев секілді «Болашақпен» Америкада оқыған 39 жастағы Тимур Сүлейменов еліне адал қызмет етіп,  кез-келген мәселені әділ шешетінін айтты. Сөйтіп, шикі заңдарын жетілдіріп, жемқорлық дауымен аты шыққан министрліктің беделін көтермек ойда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде