{metadescription}
 Елімізде жабылып қалған жеке зейнетақы қорлары қайта ашылуы мүмкін
 Елімізде жабылып қалған жеке зейнетақы қорлары қайта ашылуы мүмкін

Елімізде жабылып қалған жеке зейнетақы қорлары қайта ашылуы мүмкін

Бүгін депутаттар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын нарықты монополиялап алды деп айыптады. Сондықтан премьер-министр мен Ұлттық банктың төрағасынан бұл саланы қайта бәсекелес ортаға беруді сұрап отыр.

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:

- Монополиядан бас тартып, нарыққа жеке жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта әкелу керек. Сөйтіп адамдарда таңдау құқығы болмақ. Бәсекелестік орнап, ақшасын көңілінен шыққан қорға салатын мүмкіндігі болады.

Депутаттар Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қызметін үйлестіруі тиіс Ұлттық банкті де қатал сынға алды. Өйткені жеке компанияның шотына кеткен 5 миллиард теңгені банктің өз қаражатымыз деуі үлкен түсінбестік тудырып отыр. Мәжілісмендердің ойынша, бұл миллиондаған халықтың ай сайын жалақысынан жырып беріп отырған ақшасы. Қорға қаржы аудару заңмен міндеттелгендіктен, салымның сақталуына мемлекет жауап беруі керек. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы Руслан Ерденаев пен оның орынбасарын қамауға алғанын айта кетейік. Топ-менеджерлерге зейнетақы қорындағы 5 миллиард теңгені жеке компанияға негізссіз берген деген айып тағылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.