{metadescription}
Астанада елдің күлкісін келтірген Сәуле, Қуат пен Мөлдір жоғалып кетті
Астанада елдің күлкісін келтірген Сәуле, Қуат пен Мөлдір жоғалып кетті

Астанада елдің күлкісін келтірген Сәуле, Қуат пен Мөлдір жоғалып кетті

Астаналықтар Сәулемен бірге, енді Қуат пен Мөлдірден көз жазып қалды. Бір мезетте тұғырынан ұшты-күйлі жоғалып кеткен ажырамас үш досты елордалықтар тағы іздеуге кіріскен еді. Алайда, «Экспо» басшылығы сары уайымға салынғандарға бекер дүрлікпеуге кеңес берді. 

Сөйтсе, тұрғындардың күлкісі мен таңданысын тудырған «Эскпоның» басты нышандарын ешкім алып қашпаған екен. Бас қаланың орталығынан ығыстырылған мүсіндер реставрацияға әкетіліпті. Көпке жақпаған олардың ұсқынсыз түрлері қайта әрленіп, бірнеше күннен соң «Бәйтеректің» маңына қайта қойылмақшы. Қуат пен Мөлдірге қарағанда, күллі елге танымал болған Сәуле қыз бұған дейін бір жоғалып қайта табылған еді. Енді сынға іліккен    достарын ертіп қайда бас сауғалап жүргені белгісіз. Кескін келбетіне қатысты дауға қалған сәулет өнерінің туындыларының жаңа бейнесін жұрт асыға күтіп отыр. Ал оның  авторын «Эскпо» жасырып ашып айтпады.

Аллен Шайжунусов, «Астана Экспо» ҰҚ АҚ маркетинг департаментінің директоры:

-Реставрация бюджеттің емес, демеушілердің ақшасына жасалады. Халықтың айтқан сындарын ескеретін болдық. Себебі, олар «»Экспо» көрмесінің басты нышаны деген атқа лайық болуы тиіс

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде