Өскеменде құтқарушылардың өзі көмекке мұқтаж
Өйткені ашулы тұрғындар төтенше жағдай қызметкерлеріне жиі шабуыл жасайтын болған. Қалада тіпті қарапайым рейдке шығудың өзі мүмкін болмай барады. Жұрттан қорлық көрген құтқарушылар үй-үйді аралауға енді тәртіп сақшыларымен бірге шығып жүр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
20.01.2017
Құтқарушылар осындай жағдайға жиі кезігеді. Жұрт оларды ауласына аттап бастырмайды. Тіпті қызметкерлерге қарсы қабаған иттерін жіберіп, қоқаң-лоққы көрсетеді екен. Десе де, қаладағы жағдайға байланысты құтқарушылар жыл басынан бері үй-үйді жиі аралайды. Себебі, мұнда өрт тым жиілеп кеткен. Небәрі 20 күннің ішінде 30-дан аса адамға ыс тиіпті. Ал биылғы қыста өрт салдарынан 58 адам қаза тапқан. Құтқарушылар осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін ескерту қағаздарын таратып жүр. Тіпті тұрғындардың пешін ақысыз тексеріп беруге де бар. Бірақ оларды үйіне кіргізетіндер саусақпен санарлық.
Нұржан Өміржанов, Мемлекеттік өрт бақылау тобының бас маманы:
- Өртті болдырмау үшін насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мына тұрғын үйлерге келгенде әртүрлі адамдар кездеседі. Кейбіреулері бізге есікті ашпайды. Ит қосып, балағат сөздер айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!