{metadescription}
Қыс ортасында семейліктер су астында қалды
Қыс ортасында семейліктер су астында қалды

Қыс ортасында семейліктер су астында қалды

Семейді су басып жатыр. Қыс ортасында қаланың кей ықшамаудандары тасқынның ортасында қалған. Жайылған су мұз боп қатып, жұрт көшелерде әрең жүр. Ал көктемде қар ерігенде жағдай тіптен қиындайын деп тұр. Жергілікті билік жылдамдатып бір қайыр қылмаса, тұрғындар жүктерін жинап, көшуді де ойластыра бастаған.

Мына үйдің иесі төменгі қабатқа жиналған суды күн сайын сыртқа ағызып әлектенеді. Әйтпесе, үйге кіргені жиналып, көл болуы мүмкін. Төмендегі бүкіл дүние-мүлкін жоғарыға тасып алған. Тұрғындардың айтуынша, бәленің бәрі жақын маңдағы құрылыс нысанынан келген. Сол жерге құбыр жүргіземіз деп жер қазғандар маңайдағы шағын бұлақтардың арнасын бұзған екен. Соның кесірінен қаптаған су қалаға келіп жатқан көрінеді.

Тоқтарбек Нұрғайсинов, Семей қаласының тұрғыны:

-2-3 жылдан бері су басып  жатыр . Әкімшілік бітеп тастаған қаппен жауып.

Тұрғындардың шағымынан кейін қозғалған тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен төтенше жағдай департаментінің мамандары топырақтан бөгет жасап берген екен. Бірақ онысы қалың судан қорған болуға жарамапты. Жергілікті билік жағдайды тезірек қалыпқа келтірудің орнына мәселені жүйелі түрде шешу керек деп асығар емес.

Марат Әленов, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек. Яғни, әуелі ғылыми-әдістемелік негізін құрып, техникалық-экономикалық негізін жасауымыз керек. Сол арқылы жобалау институттары бұл жерді судан тазарту жолдарын ұсынады.

Осылайша қаланың үш бірдей ықшамауданында қалыптасқан ауыр жағдай қалыпқа келмек. Бірақ ол үшін 3 жыл уақыт керек екен. Ал оған дейін семейліктерге табиғат-анадан қайыр күтуден басқа амал жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде