{metadescription}
Астанада Сирияның тағдыры шешілгелі жатыр
Астанада Сирияның тағдыры шешілгелі жатыр

Астанада Сирияның тағдыры шешілгелі жатыр

Күллі әлем назары Қазақстанға ауатын күн жақындап келеді. Астана Сирия келіссөздеріне дайындықты пысықтап жатыр. Алдағы дүйсенбіге белгіленген маңызды жиынға келетін ресми делегациялардың құрамы әзірге жарияланған жоқ. Десек те, Елордаға Иран, Түркия, Ресей президенттері ат басын бұратыныны анық. Бүгін Сирия басшысы Башар Асадтың да қазақ жеріне табаны тиетіні белгілі болып отыр. 6 жылға созылған соғыстың жайы Астанада бір күнде шешіле қоймасы белгілі. Келіссөздің қиын болатынын саясаттанушылар да айтып отыр.

Астана қазір ондаған шетелдік делегацияларға жайлы орындарын дайындап қойды. Диалог мемлекет басшыларына арналған бес жұлдызды қонақ үйде өтпек. Ал әлемге танымал ақпарат құралдарының өкілдері, яғни журналистер «Қазмедиа» орталығына жайғасып, соңғы мәлімдемелерді осы жерден тікелей эфирде таратпақ. Иран, Түркия, Ресей, Сирия президенттерінен бөлек, келіссөзге АҚШ-та шақыртылған еді. Ақ үйден делегацияны кімнің бастап келері беймәлім. Десек те, көптен күтілген диалогқа Біріккен ұлттар ұйымы мен Еуроодақтың өкілдері қатысқалы жатыр. Жиынға Сирияның үкіметтік әскеріне қарсы соғысып жүрген бірнеше опппозиялық күштер де ат басын бұрмақ. Башар Асад та солармен Астанада бір үстелдің басын жиналып, Сирияның тағдырын шешеді.

Башар Асад, Сирия президенті:

-Астанада лаңкестік топтармен келіссөз жүргізіп, бейбіт келісімге келеміз деген үміт бар. Басты мақсат: Сириядағы соғысты тоқтату.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде