Ақтөбелік келіншек жаңа туған баласын перзентханадан шыққан бойда сатып жіберді
Ақтөбеде 32 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін перзентханадан шыққан бойда сатып жіберген. Безбүйрек ананың бауыр еті баласын қаншаға бағалағаны әзірге белгісіз.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.01.2017
Ол осы перзентханада өткен аптада аман-есен босанып, ұлды дүниеге әкелген екен. Жақындарынан саулығын сұрап ешкім келмепті. Әйтсе де екі күннен соң баласын бауырына қысып шыққан бойда, есік алдынан күтіп алған 40-45 жас шамасындағы әйелге ұлын ұстата салған. Сосын өз жөнімен кете барады. Жолай тәртіп сақшылары ұстап, қазір көкек ана қамауда отыр. Ал сатып алушы мен нәрестенің жайы туралы полицейлер жақ ашқан жоқ. Баласынан безінген келіншектің тұңғышы осы перзентханада өлі туыпты. Енді екіншісін аман-сау босанғанда одан жерінгенін дәрігерлер түсінбей отыр.
Айгүл Ниязмағанбетова, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары:
-Бұл баласы тірі туылған тұңғышы десек те болады. Перзентханадан шығарда бас тарту туралы ешқандай ойы болмаған. Ақыл-есі дұрыс, дәрігерлер тарапынан ешқандай күдік байқалмады. Құжаттарын толтырып, құттықтап шығарып салған едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!