{metadescription}
 Қарағанды облысында көліктер қар құрсауында қалып қойды
 Қарағанды облысында көліктер қар құрсауында қалып қойды

Қарағанды облысында көліктер қар құрсауында қалып қойды

Күн райының күрт бұзылуынан бүгін Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды. Салдарынан Қарағандыға жолаушылап кірген, шыққан жүздеген көлік тас жолдарда қарға малтығып, қаңтарылып қалды.

Өйткені түнімен толассыз жауған қардың арты таң ата ақтүтек боранға ұласты. Осылайша бір қаладан екіншісіне түнделетіп шыққан көліктер қар құрсауында қалған. Астана мен Қарағандының қақ ортасында осындай 100-ден аса көлік кептелісте тұр. Ал Теміртаудан шыға берісте шамамен 300-ге жуық машина да осындай жағдайға душар болған. Бір тәулікке жуық далада жатқан жүргізушілер мен жолаушылар жақын маңдағы дәмханадан жүрек жалғап, жан сақтапты. Жүргізушілер қозғалысты реттеуден қашқақтаған полицияның жұмысына да наразы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде