{metadescription}
Талдықорғанда адамдамдарға үй алып береміз деп  алдаған алаяқтарға қатысты сот өтіп жатыр
Талдықорғанда адамдамдарға үй алып береміз деп  алдаған алаяқтарға қатысты сот өтіп жатыр

Талдықорғанда адамдамдарға үй алып береміз деп алдаған алаяқтарға қатысты сот өтіп жатыр

Алаяқтық жолмен миллиондарды қалтаға басқан! Талдықорғанда коммуналдық үйден арзан пәтер алып береміз деп, 50-ге жуық адамды тақырға отырғызған  адам сотталып жатыр. Олар осындай жолмен 230 миллион теңге пайда тауыпты. Айта кетейік айыпталушылардың бірі – өңірге танымал журналист.

Темір тордағы төртеудің бірі – аймақтағы тіс қаққан тілші Дина Ысқақова. Талдықорған қаласы әкімінің қолынан талай марапат алған журналист осындай кәсіпке барды дегенге сену қиын. Алайда жәбіренушілердің айтуынша, дәл осы Дина майда тілімен олардың сеніміне кіріп отырған. Былтыр ұсталған сыбайластар барлығы 47 адамды алдап, 230 миллион теңгені қанжығаларына байлаған. Өз кінәларын ішінара ғана мойындап отырған олар сот барысында өз қатарларына тергеуден сытылып кеткен тағы екі келіншекті қосуды талап етті.

Ал жәбірленушілердің айтуынша, қылмыстық  топ мүшелері оларға  коммуналдық үйлерден небәрі бес мың АҚШ долларына баспана ұсынған. Тіпті мөр басылған келісім-шарттарды көрсетіп, сол пәтерлерді  аралатып та көрсетіпті. Жаңа пәтердің табалдырығын бүгін-ертең  аттаймыз дегендер енді сот ғимаратының босағасын тоздырып жүр.

Әлия Шөкембаева, жәбірленуші:

-Олар бізге негізінен екі-үш бөлмелі пәтерлерді көрсетті. Алғашында үй қараша айында тапсырылады деді. Кейін 16 желтоқсан мереке қарсаңында кілт аласыңдар деп алдады.

Сот барысында қос тараптың да қорғаушылары бірауыздан Дина Ысқақова меңзеген екі әйелді айыпталушылар қатарына қосуды өтінді.  Айтуларынша, олар да қылмыстық топқа алданған адамдарды тауып беруге көмектескен. Айыпталушылар бірауыздан өзіміз де оңбай алдандық  деп отыр. Айтуларынша , олар ақшаны мемлекеттік мекемелерде қызмет  ететіндерге пара ретінде берген. 

Асқар Ердуалы, адвокат:

-Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тым салғырт жүргізілген. Айыпталушылардың  параны апарып  берген адамдары анықталмады депті тергеушілер. Менің ойымша,  бұл іс қайта тергеліп, ақшаның нақты кімнің қалтасында қалғанын тексеру керек.

Әйтпесе, жәбірленушілердің қаржысын кім қайтарары белгісіз дейді қорғаушылар. Алайда бұл өтінішті прокурор қолдаған жоқ, ал судья оны  басы ашық күйі қалдырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.