{metadescription}
Еліміздің көмір өндірушілері қыруар шығынға ұшырауы мүмкін
Еліміздің көмір өндірушілері қыруар шығынға ұшырауы мүмкін

Еліміздің көмір өндірушілері қыруар шығынға ұшырауы мүмкін

Өйткені, қазақстандық қара отынмен жылынып келген көрші мемлекеттер еліміздің көмірінен бас тарта бастаған. Сұраныстың күрт азайып, экспорттың қысқаруын бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі түсіндіріп берді.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Ресей Қазақстанды өз нарығынан ығыстырып, ішкі сұранысын өздері қамтуды қолға алған. Оның үстіне көрші елдегі жылу электр орталықтарының біразы газға ауысып жатқан көрінеді. Ал, еліміз көмірді негізінен Ресейге экспорттап келгенін ескерсек, бұл кәсіпкерлердің қалтасын қағатыны анық. Сондықтан сұраныс азайғандықтан, елімізде былтыр 98 миллион тонна көмір өндірілсе, соның 26 миллион тоннасы ғана экспортқа шығарылыпты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Біз Ресей нарығынан мүлдем айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан қазірден көмірді басқа мемлекеттерге тасымалдау жағын қарастыру керек. Әсіресе, Еуропа мен Қытайдың нарығына кіруге ұмтылған дұрыс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде