{metadescription}
Астанада Cирияға қатысты келіссөздер қандай нәтиже берді?
Астанада Cирияға қатысты келіссөздер қандай нәтиже берді?

Астанада Cирияға қатысты келіссөздер қандай нәтиже берді?

Астанада күллі әлем көз тіккен Сирияға қатысты келіссөздер аяқталды. 6 жылдан бері жалғасып жатқан қанды қырғынды тоқтату үшін бүгін де нақты келісім жасалған жоқ. Дегенмен, мәселені бейбіт жолмен шешу механизмдерін жуық арада қарастыруға тараптар уағдаласыпты. Ал оның барысын арағайындық еткен үш ел –Түркия, Иран мен Ресей бірлесе қадағаламақ. Әрі Анкара, Мәскеу мен Теһран Сирияның егемендігі мен территориясының тұтастығына кепілдік беріп отыр.

-Иә, келіссөздер жайына тоқталсақ,  ол өте қиын өтті. Себебі, әр тараптың өз шындығы бар. Сондықтан іште жиналған қыжылын, талаптарын айтып қалуға тырысты. Бұны түсінуге де болатындай.  Осы уақытқа дейін жауласқандар келісім үстеліне отырып көрмеген.

Бір айта кетерлігі, қарулы оппозиция мен Сирия үкіметі оңаша қалып, бетпе-бет кездескен жоқ. Бір-біріне талаптарын арағайындық танытып жүрген Түркия, Иран, Ресей мен Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері арқылы жеткізді. Башар Асадтың билігіне қарсы топтар әзірге тақ мәселесін  қозғамады. Алдымен ұзаққа созылған қантөгістің тоқтағанын сұрап отыр.

Усама Әбу Зейд, «Сирия еркін армиясының» өкілі:

-Тыныштықтың орнауына біз де мүдделіміз. Бірақ Үкімет әскері келісімді бұзып, оқ атуын доғарар емес. Базынамызды кепілдік берген мемлекеттер Ресей,Түркия, Иран мен Біріккен ұлттар ұйымына  айттық. Олар ықпал етуге келісті. Алайда, сенім аз.

Сонымен қатар оппозиция өздерін Шам жерінің 40 пайызын басып алған ДАИШ лаңкестік ұйымымен байланыстырмауды талап етті. Террористерге соққы жасап жатқанын айтқан олар, Асад әскерімен бейбіт келісім жасауға   әзір. Бірақ бұл ресми Дамаскімен түбегейлі күш біріктіреді деген сөз емес.

Яхия әл-Ариди, Сирия оппозициясының өкілі:

-Сириялықтар соғыстан әбден шаршады. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен трагедия. Аймақта геосаяси ойындардың көрігін қыздырған ірі державалардың Таяу Шығыста өз жымысқы жоспары бар. Ал біз биліккке жау емеспіз, Сирияны қанды қырғыннан құтқарғымыз келеді.

Әрине, соғыстың бір күнде тоқтамасы анық. Әйтсе де, қарулы топтар мен Сирия Үкіметіне алған міндетін орындатуға Ресей,Түркия мен Иран барынша ықпал ете алатынына сендіріп отыр. Біріккен ұлттар ұйымы да бұдан шет қалмайды.

Стаффан де Мистура, БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы өкілі:

-Барлық тараптың ұстанымдарын білдік. Әр ұсынысты жан-жақты қарадық. Өйткені бұл жай қағаз емес, құжаттың артында миллиондаған адамның тағдыры тұр.

Елордада саяси мәселелердің көтеріліп жатпағанын айттым. Ең басты нәтиже атыстың тоқтатылғаны еді. Бұл талап қарулы оппозиция мен Сирия Үкіметінің Астанада қол қоятын декларацияда анық жазылады деп күтілген. Бірақ тараптар тек келіссөздерді жалғастыруға ауызша ғана уағдаласып кетті. Сондықтан, енді алдағы уақытта оппозиция мен үкіметтің тікелей диалогы жалғасады деген үміт бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде