{metadescription}
Астанада сыныптасын ұрып өлтірген оқушы жазадан сытылып кетті
Астанада сыныптасын ұрып өлтірген оқушы жазадан сытылып кетті

Астанада сыныптасын ұрып өлтірген оқушы жазадан сытылып кетті

Ішкі Істер министрлігі сыныптасының өліміне айыпталған оқушыға қатысты қылмыстық істі жауып тынды. Еске салсақ, Темірлан Диқанбаев желтоқсан айында Астанадағы №59-шы мектепте қайтыс болған еді.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:

-Сараптаманың қортындысын алдық. Бір анығы марқұммен шекісіп қалған балаға қатысты іс тоқтатылады. Ал мұғалімдерге қатысты тексеру әлі жүріп жатыр.

Сараптаманың қортындысын министр ашып айтқан жоқ. Қайғылы жағдай болғанда, ұстаздар бірауыздан Темірлан Диқанбаевтың жүрегі ұстап ажал құшқанын мәлімдеген. Бірақ марқұмның туыстары 13 жастағы ұлдарының дені сау екенін айтып отыр. Сондықтан, оқыс оқиғаны төбелестен көреді. Тергеушілер де Темірланның сыныптасының ауыр соққысынан қайтыс болғанын анықтаған. Алайда, кінәсі дәлелденген оқушының жасы 14-те болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде