{metadescription}
Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты сот тағы айғайға ұласты
Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты сот тағы айғайға ұласты

Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты сот тағы айғайға ұласты

Алматы облысында ағайындыларды ажал құштырғандардың апелляциялық шағымы сотта қаралды. Үш бірдей адамды қинап, артынша атқаны дәлелденсе де, үкімімен келіспеген Мұрат Оңалбаев пен Талғат Сүлейменов өз жазаларын жеңілдетуді сұраған. Тек сот отырысы бұл жолы да ың-шыңсыз өтпеді. Жаза өзгеріп кете ме деп алаңдаған марқұмдардың туыстары сотқа таң атпастан келіп алған.

-Үш бірдей азаматын қара жер қойнына тапсырған бүтін бір әулеттің қайғысы әлі басылар емес. Қырық бас сиырға қызығып, кісі өлтіргендер темір торда да тыныш жатпай, жазаларын жеңілдетуді сұрапты.

Мұны естіген марқұмдардың туыстары бүгінгі сотқа да тайлы-тұяғы қалмай келіп алған.       

-Сіздер түсініңіздер! Тәртіп бұзбаймыз.  Бір ғана адамның соты емес, мынау төрт бірдей өлім, төртеуінің біреуінде 10 туыс болса, аз болғанда қырық болады!

Жазаны жеңілдетуге жол бермейміз деп сотқа жеткендердің тең жартысы ішке сыймай, апелляциялық шешімді сыртта күтіп тұрды. Арызды қанды қылмысты ойластырған Оңалбаев пен Сүлейменов жазыпты. 40 сиыр үшін кісі өлтіргендері расталса да, қаскөйлер бұл жолы өзара келісіп, біреуіміз ғана өлтірдік деп адвокаттарынан айтып жіберіпті.      

Адал Зарлықан, марқұмдардың туысы:

-Мұрат «Камазды» әр жерге тығып 6  күн  айдап жүреді. Бір телефон соғуға болады ғой. Айтаып отырғандары өтірік ол! Екеуі біліп тұр. Алдын-ала бұрын жоспарлаған.

Қылмысты көре тұра ешкімге айтпаған малшы Бақыт Байқасымов қана жеңіл жазамен құтылса, енді Мұрат Оңалбаев та осы әдіспен жазасын жеңілдеткісі келген сыңайлы. Талғат Сүлейменовтен қорықтым деген желеумен 25 жылын азайтуды өтінген. Алайда апелляциялық алқа ағайындыларды айуандықпен өлтіргендердің шағымын қанағаттандырмады. 

Советхан Сәкенов, Алматы облыстық сотының судьясы:

-Талғат Сүлейменов, Мұрат Оңалбаевқа қатысты үкім өзгеріссіз қалсын. Сотталғандар -Сүлейменов, Оңалбаевтың  адвокаттары Тәліпова, Мәкенбаевтың аппеляциялық шағымдары қанағаттандырылуысыз қалдырылсын.

Қанды қылмыс былтыр қыркүйекте болған. Ұзынағаштағы базарға мал сатуға шыққан үш ағайынды ұшты-күйлі жоғалып, артынша мәйіттері табылған еді. Малға қызыққандар Жарқынбек, Қаділбек пен Мұқиятты атып өлтіріп, мәйтітерін қора ішіне жасырған.

Осы оқиғадан кейін марқұм Жарқынбек Долданның төсек тартып жатып қалған анасы төрт айдан бері беті бері қарамастан өткен бейсенбіде көз жұмыпты. Ал өлгендердің артында 9 бала қалды. Оның үлкені - 13 жаста, ал кішісі әлі екіге де толмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде