{metadescription}
Еліміздің бірнеше өңірінде жолда қалып қойған жүргізушілердің азығы таусылған
Еліміздің бірнеше өңірінде жолда қалып қойған жүргізушілердің азығы таусылған

Еліміздің бірнеше өңірінде жолда қалып қойған жүргізушілердің азығы таусылған

Еліміздің бірқатар өңірлерінде де астанадағыдай ақ түтек боран! Әсіресе, ұйытқып соққан дүлей желден еліміздің орталық және батыс аймақтарында қарға адым жер көрінбей қалған. Соның кесірінен жүздеген көлік діттеген жеріне жете алмай, қаңтарылып тұр. Ал жүргізушілер төтенше қызметі жолдаған ескертуді кеш естігенін айтады.

Ақмола облысында жүздеген көлік иіріліп жолда тұр. Полиция бөгет қойып, қауіпсіздік үшін ешбірін қозғалтпауда. Төтенше жағдай қызметіндегілер жұртты дер уақытында ескерткенімен, онымызды көбісі елемейді дегенді айтады. Ал жүргізушілер кеш естідік деп отыр.

Дастан Юлдашов, көлік жүргізуші:

-Ескерту жолда келе жатқанда келеді.  Машинаны тастап кете алмаймыз ғой.  Өшірсек, оталмай қаламыз.

Ресейден Қырғызстанға бет алған Виталий Құрғанбаев отбасымен көлігінде түнеп шығыпты. Әйелі екеуі немерелерін алып еліне қайтып барады екен. Қалтасындағы бар ақшасын жанармайға құртып, кішкентайлар енді қатқан нанды талғажау етіп отыр.

-Жейтін ештеңе жоқ.

Ал Ақтөбеде бораннан ондаған көлік бірінің артынан бірі соққан. Жүргізушілер ұйытқып соққан желден ештеңе көрмей қалғандарын айтады. Қайта зардап шекендер жоқ. Бірақ қала іргесіндегі елді мекенге апарар жолда бірнеше сағат бойы кептеліс болды. Бұл өңірдегі бірнеше ауданда қатынас қиындаған. Темір ауданында тіпті ауылдарды қар көміп тастады. Құтқарушылар күні бойы омбылап қалған елуден аса көлікті шығарыпты. Бірақ айдалада жүргізушілерімен қалған сегіз көлікке олар әлі жете алмай жатыр.

Қайрат Қасым, Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Қазіргі таңда Байғанин ауданында 8 көлік тұр. Тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал Қарағанды облысында ақтүтек боранның соққанына бүгін үшінші күн. Аракідік жел саябырсығанда көліктер полицияның жол бастауымен ғана жылжыған болады. Бұл жақта 38 адамды құтқарыпты.

Бауыржан Серікбаев, «Қазавтожол» РМК басшысың орынбасары:

-Биыл 364 рет жол жаптық. Былтырмен  салыстырғанда екі есе көп. Қазір 23 бағытта 6 облыс бойынша жол жабық тұр республика бойынша.

Синоптиктер еліміздің батысында жел сап тыйылып, апта соңына дейн қар жауады деп болжайды. Бірақ көктайғақтан сақтандырып отыр. Ал Қазақстанның орталығы мен солтүстігінде боран үдей түспек. Жел екпіні ол өңірлерде қазіргідей секундына жиырма метрден аспақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде