{metadescription}
Назарбаев Универсиада алауын жақты
Назарбаев Универсиада алауын жақты

Назарбаев Универсиада алауын жақты

Нұрсұлтан Назарбаев қысқы Универсиаданың алау эстафетасын бастап берді. Дүбірлі дода алдында спортшыларға сәттілік тілеген президент,  отты өзі тұтатты.

Дүниежүзілік студенттер ойынының басты символы енді дода аяқталғанша лаулап тұрады. Алауды алғандар алдын-ала жабылған Астананың басты көшелерімен жүгіріп өтті. Мұндай мәртебеге ие болғандардың арасында үздік студенттер, атақты спортшылар, белгілі өнер мен қоғам белсенділері бар. Елорданың ақтүтек боранында от бір сәтке өшіп қалғанымен, ұйымдастырушылар оны тез тұтатты. Астанадан соң алау осы сағаттарда Алматыға жеткізілді. Универсиада алауы ұшақпен ірі облыс орталықтарына жеткізіліп  23 мың шақырымды жүріп өтпек. Айта кетсек, алдағы жексенбіде жалауы желбірейтін жарысқа әлемнің 59 елінінен екі мыңға тарта спортшы қатысады. Қазақстан намысын спорттың 12 түрі бойынша 168 атлет қорғамақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Бұл біріншіден, Қазақстан үшін үлкен абырой. Қазақстанды дүниеге тағы паш етеміз мыңдаған журналистер болады. Екіншіден, жастарды спортқа баулиды. Үшіншіден салған спорт кешендерінің барлығы спортшыларға қызмет көрсететін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде