{metadescription}
Павлодарда 24 жастағы полиция қызметкері өртте қалып қойған қарияны құтқарды
Павлодарда 24 жастағы полиция қызметкері өртте қалып қойған қарияны құтқарды

Павлодарда 24 жастағы полиция қызметкері өртте қалып қойған қарияны құтқарды

Қара түтінге тұншыққан кейуана пәтерінен шыға алмай қалған екен. Ержүрек тәртіп сақшысын қазір әріптестері бастап, Ішкі істер департаментінің басшылары да құттықтауда. Сын сағатта қайсарлық танытқан ол «Қазіргі заман қаһарманы» марапатына да ұсынылып жатыр.

Таңғы тоғыздар шамасында тұтанған жалын мына үйдің төменгі қабатынан шыққан. Қоқыс салғышқа тиген өрт кейін электр сымдарына жетіп, подъезді түгел қара түтін басқан екен. Оқиға орнына өрт сөндірушілердің жеткенін көрген тәртіп сақшылары болса, жай кетпей үйдің арғы бетін тексеруді жөн санапты. Төртінші қабаттан әлдебіреуді аңғарған олардың бірі онда саты арқылы көтеріліп, ішке терезені бұзып кірген. Құтқару процесі кіші сержант Бағдат Байысовтың қызметтік формасына таңылған бейнетіркеуішке жазылып қалыпты.

- Астын ашыңыз, апа!

- Аша алмай тұрмын!

- Былай тұрыңыз, апа!

Сыртқа шыға алмай әлсіреген зейнеткер терезені қағудан басқа амал таппапты. Алғашқы көмек жасаған дәрігерлер кейін оны ауруханаға жеткізген. Өрт кезінде әжейден бөлек тағы 10 адамға ыс тиген. Оның төртеуі бала. Қайғылы жағдайдың алдын алған полицей болса, өзін ерлік жасадым деп санамайды.

Бағдат Байысов, полиция кіші сержанты:

- Кез-келген адам менің орнымда осылай істеуші еді.Әр үйде әже бар, менің де әжем бар. Енді ол уақытта ештеңе ойламай шұғыл жұмысқа кірістім.

Қарияны құтқарған полицей ішкі істер бөліміне былтыр келген. Сын сағатта қайсарлық танытқан 24 жастағы азамат осыдан екі ай бұрын балалы болған екен.

Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Бастысы –  тұрғындардың шошынып қалғаны болмаса бәрі дін аман. Ал кіші сержанттың ерлігін ескерген басшылары енді оны «Қазіргі заман қаһарманы» марапатына ұсынуға ниетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде