{metadescription}
Алматыда жүздеген тұрғыны бар баспана қирағалы тұр
Алматыда жүздеген тұрғыны бар баспана қирағалы тұр

Алматыда жүздеген тұрғыны бар баспана қирағалы тұр

Дүр сілкінген дүние! Алматыда тұрғындар құрылыстың кесірінен үйіміз қирап қала ма деген үреймен отыр. Құрылыс жұмыстары басталғаннан-ақ үйдегі дүние-мүлік пен ыдыс-аяқ дірілдеп ала жөнеледі екен. Ала таңнан қара кешке дейін қалтыраған үйдің қабырғаларына сызат түсе бастаған. Бір уақ тыныштық берсеңдер деген тұрғындардың өтінішіне құлақ асар жан табылмай тұр.

«Атырау» ықшамауданындағы мына үй тұрғындарының күнде қайталанатын дірілге еті үйреніп қалған. Тұрған орнында тыншымай кететін тоңазытқышты былай қойғанда, қабырғаның өзі сыр бере бастапты. Сілкініс әдепкіде мынадай сәл дірілден басталады екен.

Асхат Айтқазин, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жер сілкініп жатқандай болады . Балалардың да мазасы кетті, өзіміздің де мазамыз кетті.

Дірілдің зардабын тартып отырған бірлі-жарым ғана үй емес. Құрылыстың кесірі төңірекке қоныс тепкен бүкіл ғимаратарға тиіп отыр. Барлығы да бұрынырақ салынған ескі жер үйлер. 

Наталья Рыжкова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Үйге кірсең еден жылжып бара жатқандай сезіледі. Таңертең кереуеттің сықырлап, дірілдегенінен оянамыз. Осылай жүргенде ертең үйіміз қирап қалса қайда барарымызды білмейміз.

Жұртты шулатып қойған құрылыс нысанының басында қазір жерді тегістеу, топырақты нығыздау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Негізі, мұнда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Арена сити» деп аталатын тұрғынүй кешені салынуы керек. Ол мынадай көпқабатты 24 үйден тұрады. Бірақ оны салып жатқандар маңайдағылардың жағдайын ескерер емес. Тыныштық сұрап барса, ең қарапайым тәсіл – есігін жауып алады. Жұрттың шағымы көбейген соң қалалық сәулет-құрылыс басқармасы құрылысты тоқтатып қойыпты. Арнайы коммиссия құрып, төңіректегі үйлерге қаншалықты зиян келіп жатқанын енді тексеріп көрмек.

Бақыт Әбділов, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы:

-Құрылыс түгел тоқтатылды. Компанияны түгел тексереміз. Анықтаймыз,қортындысын айтамыз.

Егер сараптама қорытындысы тұрғындардың құрылыстан зардап шегіп отырғанын дәлелдесе, онда мердігер компания өтемақының бәрін көтеруі тиіс. Ал құрылысты тоқтатпау үшін жер тегістеудің басқа амалы қарастырылатын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.