{metadescription}
Алматыда универсиада қарсаңында есік-терезесі жоқ үйлердің сырты матамен қоршалып жатыр
Алматыда универсиада қарсаңында есік-терезесі жоқ үйлердің сырты матамен қоршалып жатыр

Алматыда универсиада қарсаңында есік-терезесі жоқ үйлердің сырты матамен қоршалып жатыр

Тұралап қалған құрылыс бір күнде аяқталғандай! Алматы басшылығы Универсиада қарсаңында сырт кейпі қала көркін бұзатын нысандарды тез арада жөнге келтіруде. Ол үшін атқамінерлер есік-терезесі жоқ үйлердің сыртын арнайы сурет салынған маталармен жауып жатыр.

Студенттер ойынын тамашалауға келетін қонақтар құрылысы аяқталмаған ғимараттарды көрмеуі тиіс екен. Сол үшін бірінші кезекте Универсиада нысандарының маңындағы және алау эстафетасы өтетін орындарға ерекше көңіл бөлінген. Ал салынған сурет түрі бекітілген жоспар негізінде жасалыпты. Қала көркін жақсарту мақсатында қолға алынған бұл жұмыстың шығынын Универсиада дирекциясы мен қалалық әкімдік өз мойнына алған. Бірақ жұмсалған қаржы көлемі жайлы ешкім тіс жармады.

Жанат Айтілеу, Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін орындаушы:

–Қасбетін бүлдіріп тұрған заттардың барлығын тазарту жұмыстарын 1-2 апта болды айналысып жатқанымызға. Өйткені сол маршрут бойынша халық болады көретін, екіншіден эстафетаны алып жүретін спортшылар болады. Соған байланысты тазарту жұмыстарын жүргіздік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде