{metadescription}
Семейлік шенеуніктер қалың қармен күреске мүлдем дайын болмай шықты
Семейлік шенеуніктер қалың қармен күреске мүлдем дайын болмай шықты

Семейлік шенеуніктер қалың қармен күреске мүлдем дайын болмай шықты

Қара күзде сақадай саймыз деген олар бүгінде техника алуға бюджеттен қаржы керек деп отыр. Ал қардан тазаланбаған қала көшелерінде жүргізушілер жүруден қалған. Өйткені қазылып қалған терең сүрлеуге көлік дөңгелегі бойламайды.

Қазылған сүрлеу, жол жиегінде үйілген қар семейлік жүргізушілердің бас ауруына айналған. Көліктерімен көсіліп жүруден қалған олар қыс басталғалы көшелерді тазалап жүрген автогрейдер көрмедік дейді. Қазір жолдағы шұңқыр 30 см тереңдеп кеткен. Оның үстіне тау-тау болып үйілген ақұлпадан көшелер тарылып жатыр.

Вячеслав Незамудинов, Семей қаласының тұрғыны:

-Міне, қараңыздар. Калеямен кетіп барамын. Алдымда көлік тұр. Одан қайтып айналып өтемін. Өйткені, көлігім терең калеядан шығалмайды. Тайғанасам қашатын жер жоқ. Бірден жол жиегінде тұрған көліктерді соғам. Ал, оның шығынын кім төлейді? Билікке бәрі бір.

Ал жергілікті коммуналдық қызмет мұнымен күресуге дәрменсіз. Олар қарашада қысқа дайынбыз деп жар салғанымен, қаңтарда қар тазалайтын техника жоқтығын алға тартуда. Ең сорақысы, тілшілердің мінсіз тазарған көшелерді атауын сұрағанда, мамандар жауап таппай, әлек болды. Мұнымен қоймай жоғымызды жасыра қоймадыңдар деп журналистерге шүйлікті.

Юрий Пазына, Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:  

-Қазір сендерге күлкі керек. Журналистер, күліңдер. Біздің жасап жатқан жұмысты неге көрсетпейсіндер? Тырнақ астынан кір іздемей. Бізде қар тазалайтын техника жетіспей жатыр. Бұл тұрғыда Өскемендік әріптестеріміз қол ұшын созуда. Оның өзінде 4 автогрейдер бар. Біреуі бұзылып тұр. Қалғаны түнімен жұмыс істесекте үлгеретін емес.

Қала тазалығына жауаптыларға 5 жылдан бері жаңа техника бұйырмаған екен. Соның кесерінен, биыл тірелген тығырықтан шыға алмай отыр. Айтуларынша, мәселені шешу үшін шамамен 500 млн. теңгенің техникасын алу қажет.

Бірақ қала әкімі көше тазалаушыларға қалың қарды толық күреп тастауға 10 күн уақыт беріпті. Себебі көктемде ол еріген кезде көшелердің барлығы су астында қалуы ғажап емес. Ал оған үлгермей жатқан мамандар тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерді көмекке шақырып отыр. Олар өздерінің аулаларын тазартып, шығаруға міндетті екен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде