Алматыда Универсиадаға қатысатын елдердің тулары салтанатты түрде көтерілді
Атлеттер қалашығына ең алдымен Қытай спортшылары келіп орныққан болатын. Енді Ресей, Чехия және Украина делегациялары келіп жетті.
Автор: Ербол Тұрымбет
27.01.2017
Халықаралық доданың дәстүріне сай, қарсы алушылар қалашықтың басты алаңқайына қатысушы елдердің байрақтарын орнатты. Жалпы, атлетикалық ауылға 3 мыңдай қонақ келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта оннан астам елден 800-дей адам келіп қоныстанған. Бүгін орналасып жатқан ресейліктер Универсиада ойындарының барлық 12 түрі бойынша қатыспақ. Олар үш сағат уақыт айырмашылығы ешқандай кедергі келтірмейтінін айтып отыр. Дегенмен, солтүстік көршілер бұл сайыстарға ең үздік спортшыларын әкелмеген.
Сергей Сейранов, Ресей делегациясының басшысы:
-Біздің мықты спортшыларымыз әлем, Еуропа кубоктарына, чемпионаттарына қатысып жатыр. Ал бұл спортшыларымызды әр түрлі іріктеу жарыстарынан таңдап алдық. Осымен 12-ші Универсидаға жетекші болып келіп отырмын. Керемет қарсы алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!