Ұлттық банк алдағы 3 жылға инфляция көлемін болжады
2020 жылға қарай еліміздегі инфляция деңгейі 4 пайыз көлемінде болады. Ұлттық банк алдағы үш жылға осындай оптимизмге толы жоспар құрып отыр.
Автор: Диас Нұрақын
27.01.2017
Ол үшін жыл сайын инфляцияны екі пайызға дейін азайтып отыру керек. Яғни биылғы дәліз 6-8 пайыз, келер жылы 5-7 пайыз, 2019 жылы 4-6 пайыз деп белгіленген. Алайда болашаққа жасалған бұл болжам орындалмай қалуы да мүмкін. Мәселен, өткен жылы елдегі инфляция 6-8 пайыз болады деп күтілген. Алайда мұнайдың арзандауы мен доллардың қымбаттауына байланысты бұл көрсеткіш 8 жарым пайыздан асыпты. Соған қарамастан, бас банк қызметкерлерінің жоспары оптимизмге толы. Әлемдік нарықта қара алтынның азда болса құны өсе бастағаны көңілдеріне медеу болса керек. Тиісінше теңге бағамы да соңғы төрт айда тұрақталды дейді Ұлттық банктегілер.
Виталий Тутушкин, ҚР Ұлттық банкі статистика және зерттеу департаментінің директоры:
-Біз соңғы уақытта валюта нарығына ықпал етуді мүлдем тоқтаттық. Яғни өткен жылдың қыркүйегінен бері Ұлттық банк ешқандай интервенция жасамады. Алдағы уақытта доллар қымбаттайды деп қорқудың қажеті жоқ. Керісінше теңге тағы да нығая түсуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!