Қарамағындағыларға науқастың қалтасын қағуды үйреткен бас дәрігер ақыры жұмыстан қуылды
Желіде тараған видеодан кейін құрылған арнайы комиссия осындай қорытынды шығарды.
Автор: Олжас Байжан
27.01.2017
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы бойынша №7-ші клиникалық аурухананың бас дәрігері Әнуар Аманов бүгін қызметінен босатылды. Оған 2015 жылы жиналыстардың бірінде түсірілген видео себеп болған. Сол уақытта №4 аурухананы басқарған Аманов, қол астындағы дәрігерлерге басы ауырып, балтыры сыздап келгендерге түрлі анализ тапсыртып, қымбат ем жүргізу қажет екендігін үйреткен еді. Комиссия бас дәрігер этикалық нормаларды сақтамаған деп ұйғарыпты.
-Вам нужны платные больные. Человека, который пришел на аппендэктомию, нужно полностью "прокрутить". Крутите больных! Это таблица должна быть полностью заполнена. Для этого нам нужны платные больные. Для этого надо хорошо сыграть.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!