{metadescription}
КТК-да тұсаукесер! «Күнәһар махаббат» сериалы басталды
КТК-да тұсаукесер! «Күнәһар махаббат» сериалы басталды

КТК-да тұсаукесер! «Күнәһар махаббат» сериалы басталды

Осы аптада көңіліңізді бірден баурап алар «Күнәһар махаббат» атты түрік телехикаясы басталады. Өзгенің күнәсін өзінің арам пиғылын іске асыру үшін пайдаланбақ болған қыздың әрекеті көрерменді бей-жай қалдырмасы анық. Адал махаббаты үшін ауыр күнә жасап, кейін зардабын тартқан әйелдің басынан өткен шытырман оқиғаны көре аласыздар. 

Керім – 50 жастағы үйленген кәсіпкер, үш баланың әкесі. Бизнесте тасы өрге домалаған жігіт ағасына бәсекелестері шабуыл жасап, өлтірмек болады. Себебі, жуырда қомақты соманың тендері ойнатылуы тиіс. Алайда оның адал жүргізушісі бар. Атылған оққа кеудесін тосқан қызметкер сол жерде жан тапсырды. Керімнің өмірі содан бастап өзгерді.

Бас кейіпкер марқұмның артында қалған қызы Несрин мен жесірі Фатмаға қамқор болып, қанатының астына алуды өзіне парыз санайды. Әйтсе де, оларды ақ ниетімен үйіне алып келген жігіт мұның соңы неге апарып соғарын біле қоймаған. Пәк көрінген Несрин періште болмай шықты.

-Ана жігіт неге келіпті? Сен оған не дедің?

-Не үшін келуші еді? Керім мырза өзі келмей, бірдеңе керек болса хабарлассын деп қызметкерін жіберіпті.

-Неге оған айқайладың? Керім бізге көмектескісі келді.

-Керім-бей тиын-тебен беріп құтыла алмайды бізден, апа! Онысы болмас!

Шалқыған бай тұрмыстың бар рахатын сезініп, басы айналған қыз, Керімнің жары болмақ ниетте. Ол үшін осы үйді үйіріп отырған Сельданың жұрттан жасырып жүрген сұмдық құпиясы бойжеткеннің пайдасына асуы мүмкін. Себебі, 18 жыл бұрын жанұясын сақтап қалмақ болған келіншек туылған үшінші қызын перзентханада ұлға айырбастап алған. Ақ махаббаты үшін жасалған іс, қу қыздың арам мақсатын іске асыруға жарай ма? Оны 1-ақпаннан бастап 19:00-де «Күнәһар махаббат» телехикаясынан біле аласыздар!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде