Оралда «Жайық Жылу Энергоның» басшысы сотталды
Оралда «ЖайықЖылуЭнергоның» бұрынғы басшысы Нұрлыбек Кереевке қатысты сот үкім шықты. Ол енді 7 жыл жалпы тәртіптегі түрмеде жазасын өтеуі тиіс. Дүние-мүлкі де тәркіленеді. Ал, қалталарына басқан 350 миллион теңгені осыдан 4 ай бұрын 7 жылға сотталып кеткен бұрынғы қызметкері Бәкір Кәрімов екеуі бірігіп, қазынаға қайтаруға міндеттеліп отыр.
30.01.2017
Нұрлыбек Кереев соңғы сөзінде болған оқиға үшін өзі жауапты екенін, бірақ ақша жымқырудың өңі түгіл, түсіне де кірмегенін айтып ақталған-ды. Алайда миллиондаған теңгеге жасалған келісім-шарттың қауіпсіз екенін айтқан өзінің бұрынғы қызметкерлеріне сенуі қателік болғанын жеткізді.Еске сала кетейік, «ЖайықЖылуЭнергоның» бұрынғы бас директоры мемлекеттік сатып алу-сату бөлімінің басшысы Бәкір Кәрімов екеуі қосалқы бөлшектер сатып алу үшін 700 миллион теңгенің заңсыз конкурсын өткізген. Бұл соманың жартысын, яғни, 349 миллионнын конкурстың жеңімпазы – өз таныстарының атындағы фирманың есеп шотына аударып жіберіпті. Бірақ, кейін фирма ұшты-күйлі жоқ болып, жеткізілген қосалқы бөлшектер де жылу-электр орталығына мүлдем қажет емес боп шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!