{metadescription}
Артық ақша төлеуден шаршаған Қызылорда тұрғындары табиғи газ беруді  талап етті
Артық ақша төлеуден шаршаған Қызылорда тұрғындары табиғи газ беруді  талап етті

Артық ақша төлеуден шаршаған Қызылорда тұрғындары табиғи газ беруді талап етті

Қызылорда қаласында жатақхана тұрғындары тығырыққа тіреліп отыр. Аймақта газ баллонын қолдануға тыйым салғаннан кейін ел-жұрт жаппай электр пешін пайдалануға мәжбүр. Сөйтіп онсызда тұрмысы төмен отбасылар қыруар шығынға баттық дейді. Енді бұқара сол билік бекіткен шектеуді алып тастауын немесе табиғи газ жүргізіп беруін талап етуде.    

Гүлбаршын Байжұманова бала-шағасымен жыл он екі ай басын бәйгеге тігуге мәжбүр. Зейнеткер бөлмені жылытып, ас әзірлеу үшін тыйымға қарамастан газ баллонын қолданады. Өйткені оның басқа амалы жоқ. Ал электр пешін пайладанып көргенімен, еселеп шығынға батқан.     

Гүлбаршын Байжұманова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

-Бізге табиғи газ керек. Онсыз біз күн көре алмаймыз. Газ баллоннан қорқамыз күндіз-түні атылып кете ме деп. 

Жұрттың үрейленуіне негіз жоқ емес. Былтыр күзде Қызылордаға қарайтын Белкөл ауылында газ баллоны жарылып, 47 жастағы әйел ажал құшқан. Сол оқиғадан кейін шенеуніктер көп қабатты нысандарда газ баллонын қолданбауды жіті қадағалап, тіпті бекеттерде сатылуына да шектеу қойған. Енді бұқара өз өмірлері үшін қорықса да, сол тыйымды қайта алып тастауды сұрап отыр.    

Гүлзабира Ахметова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

-Бұрын бекеттерден құйдыртып алатынбыз. Белкөлде жарылыс болғаннан кейін жанармай бекеттері құйып бермейді.

Шарасыз күйге түскен жұрт атқамінерлерден көгілдір отын жүргізіп беруін талап етуде. Тұрғындардың айтуынша, жатаханаға газ құбыры келіп тұр. Бірақ әлі күнге үйме-үй кіргізілмеген. Бұқара оның себебін түсінбей дал.

Қалмұрат Дошманов, Қызылорда қаласының тұрғыны:

-Міне, бізге газ келіп тұр. Бірақ неге жалғамайды?Істеп берсін. Қалғанын өз ақшамсызбен қондырып аламыз.

Шенеуніктердің айтуынша, газ құбыры жатақхана арқылы басқа нысандарға тартылған. Оның бұл ғимараттарға еш қатысы жоқ екен. Атқамінерлер тұрғындардың газ баллонына қатысты талаптары да орынсыз дейді.     

Мадияр Садықов, Қызылорда облыстық энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

-Екі қабаттан жоғары үйлерге газ баллондарын пайдалануға болмайды. Ол жерде тек электр плита қолдану керек. Себебі, ол жерде түтіндіктер мен желдеткіштер қарастырылмаған. Газ деген ол қауіпті нысан болып есептеледі. Сол себепті тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көгілдір отын да, газ баллондарын пайдалануға да рұқсат жоқ.

Ұлардай шулаған елдің енді электр пешін қолданып, қыруар шығынға батуына тура келеді. Себебі, шенеуніктердің ыңғайына қарасақ, жатақханаға көгілдір отын ешқашан тартылмайтын сияқты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде