Еліміздің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, соңы бұрқасынға ұласпақ
Астананы да тағы қою тұман басып қалды. Оның үстіне бас қаланы түтіннің жағымсыз иісі алып кетті.
Автор: Жәудір Оразхан
30.01.2017
Бір қызығы, қала ішіндегі түтін түнге қарай аздап басылады да, таң ата қайта қалыңдайды. Синоптиктердің айтуынша, мұндай тұман ауаның жоғары ылғалдығынан және желдің жоқтығынан пайда болады екен. Айта кету керек, екі апта бұрын да Елорданы дәл осындай қою тұман басып қалған. Сондай-ақ, «Қазгидрометтің» болжауы бойынша бұл аптада Астанада ғана емес, еліміздің барлық аймағында қыс қаһарына мінеді. Оңтүстік өңірлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының тұрғындарына да ескерту жасалыпты. Ал орталық пен шығыс Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді, қар жауады.
Маржан Ғаббасова, «Қазгидромет» РММ инженер-синоптигі:
-Батыс пен солтүстік алдағы екі күнде антициклон әсерінде болады. Одан кейін атмосфералық фронттармен байланысты ол жерде қар, бұрқасын және жел күтілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!