{metadescription}
Қысқы универсиада қазақтың төл теңгесін нығайтқан
Қысқы универсиада қазақтың төл теңгесін нығайтқан

Қысқы универсиада қазақтың төл теңгесін нығайтқан

Бүгін біраз үзілістен кейін қайта көтерілген ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 326-ға түсті. Сарапшылар теңгенің күшеюін универсиадаға орай Алматыға мыңдаған туристердің келуімен  байланыстырып отыр.

Жанкелді Шымшықов, экономист:

-Қазіргі таңда  сұраныстан көрі ұсыныс артып отыр. Неге  дейсіз ғой? Универсиада ашылды, қаншама мыңдаған қонақтар келді. Туристер өзімен долларын ала келді. Сондықтан да 9-ақпанға дейін теңге күшейе түсуі мүмкін. Тек ақпанның ортасына қарай доллар күшейіп,  теңге әлсірейді.

Экономистер жазда Астанада ЭКСПО басталған кезде де теңге дәл осылай бірнеше айға нығаюы мүмкін деген болжам жасады. Яғни, бүгінге дейін қор  биржасында үстем болып келген АҚШ ақшасының әлсіреуі уақытша құбылыс екен. Өйткені, валюта бағамы тікелей әлемдік нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Ал қара алтынның құны әзірге тұрақты, баррелі 55 доллардан аспай тұр. Ұлттық банктегілердің болжамы керісінше,  оптимизмге толы. Олар енді ұлттық валюта бұдан да қымбаттап, доллар 300 теңгеге дейін арзандауы мүмкін дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.