Қар тазаламасаң, қалтаң қағылады
Петропавлдың тәртіп сақшылары кеңселері мен дүкендерінің алдынан қар шығармаған кәсіпкерлерге айыппұл салып жатыр. Бұл шара көктемгі тасқынның алдын алуға септігін тигізеді дейді олар. Өйткені Қызылжарда қызыл су былтырғыдан бетер сұмдық болайын деп тұр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
31.01.2017
Өткен жылы қар тым қалың түсіп, көктемде шахардың бірнеше ықшамауданын су басып қалған. Ал биылғы ақ ұлпаның көлемі былтырғыдан әлдеқайда көп. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мен қаланың коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары қыс бойы көше кезіп, табанынан тозып жүр. Олар дүкен не кеңсе маңын қардан аршымағандарға ескерту жасайды. Ал ғимарат төбесіндегі ұзын мұз сүңгілерден арылмағандарға 200 мың теңгеден астам айыппұл салады. Мұндай жазадан тіпті қар тазалайтын бүтін бір мекемелер де құтылмапты. Көшелерді дұрыс әрі дер кезінде тазаламағаны үшін бір айдың ішінде 6 мекемеге 136 мың теңге айыппұл салынған.
Шәмшиден Ақышев, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:
-Кск-лармен учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Жыл басынан 289 кәсіпорындарға 289 хабарлама таратылды. Және 235 хаттама толтырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!