Оралда облыстың бас археологы сот алдында жауап беріп жатыр
Мұрат Сыдықов 2 жарым миллион теңгені жымқырды деген күдікпен былтыр қазан айында үйқамаққа алынған болатын. Бірақ қылмыстық істің мән-жайы ұзақ уақыт құпия ұсталды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
31.01.2017
Соны прокуратура енді жария етіп отыр. Айтуларынша, Теректі ауданындағы Пойма ауылына қазба жұмыстарын жүргізу мақсатында кезінде 15 миллион теңге бөлініпті. Бірақ Сыдықов жұмысшылардың жалақысын және жалдамалы техникаларға жұмсадым деген желеумен 2 жарым миллион теңгесін қалтаға басқан көрінеді. Археология және тарих орталығының жетекшісі – негізі өңірге танымал ғалым. Ол ағаштан тұрғызылған ескі Жайық қаласының аумағына газ құбырын жүргізбек болғанда, тарихи ескерткішті сақтап қалуға атсалысыпты. Тіпті, Орал қаласының аумағында 1613 жылдан бұрын да отырықшы халық болғанын кезінде дәлелдеп берген. Енді 2 жарым миллионда қайда жұмсағанын сотта дәлелдеуге мәжбүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!